Жексенбіде елдің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр жауады, солтүстікте жекелеген аудандарда найзағай ойнап, дауыл соғып, нөсер жаңбыр жауады. Солтүстікте түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Ақмола, Қызылорда, Қостанай облыстарының кей жерлерінде дауыл соғып, желдің күші 15-25 м/с-ға жетеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл тұрып, желдің күші 15-20 м/с-ға жетеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін; түнде және таңертең тұман күтіледі.

Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Батыс Қазақстан облысы, Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында күндіз кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с-ға жетеді.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары, Түркістан, Қарағанды облыстарынының кей жерлерінде қатты ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан облыстары, Жамбыл, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.