Синоптиктердің мәліметінше, 28 қазанда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, жауын жауады, солтүстіктің кей жерлерінде қатты жауын-шашын күтіледі. Тек еліміздің батысында күн райы ашық болады. Сондай-ақ еліміздің кей жерлерінде жел соғып, тұман түседі, солтүстік өңірлерді көктайғақ күтіледі.
Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с болады, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан қатты жел күтіледі.
Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 18-23, екпіні 30 м/с және одан күшеюі ықтимал.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, басым бөлігінде жел 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с.
Түркістан облысының түнде басым бөлігінде, күндіз кей жерлерінде жел күшейеді,15-20 м/с, түнде кей жерлерде желдің екпіні 23-28 м/с.
Батыс Қазақстан, Қарағанды, күндіз Атырау, Ақтөбе, Алматы облыстарында кей жерлерде жел 15-23 м/с күшейеді, Ақтөбе облысында - кей жерлерде тұман күтіледі.
Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, екпіні 25 м/с, түнде кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі.
Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күшейеді, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.
Павлодар облысында таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.
00:09, 28 Қазан 2018
Жексенбіде елімізде жауын жауады, жел күшейеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбіде еліміздің кей жерлерінде жауын жауып, күшті жел соғады, көктайғақ болады, деп хабарлайды Қазгидромет.