Жексенбіде елімізді басым бөлігінде ыстық болады - Қазгидромет

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 21 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық ауаағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігіның кей жерлерінде тұрақсызауа райы сақталып, найзағаймен бірге жаңбыр күтіледі. Тек батыста жәнеоңтүстікте жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республиканың кейжерлерінде жел күшейеді, солтүстігінде және шығысында бұршақ жаууы мүмкін,солтүстіктің кей жерлерінде дауыл күтіледі, түнде және таңертең кейжерлерде тұман күтіледі.

Ақмола, СолтүстікҚазақстан, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай, бұршақкүтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлеріндедауыл, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман түседі.

Ақтөбе, Қостанайоблыстарының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/скүшейеді, Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, күндіз бұршақжауы ықтимал.

Қызылорда, күндізБатыс Қазақстан, Түркістан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/скүшейеді, Түркістан облысында шаңды дауыл күтіледі, Қарағанды облысының кейжерлерінде найзағай күтіледі.

Алматы облысыныңтаулы аймақтарында найзағай күтіледі. Күндіз облыстарында қаттыыстық, кей жерлерінде өте қатты ыстық күтіледі.

Алматы, Қызылорда, Жамбыл,Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, кей жерлерінде Түркістан, Қостанай, Батыс Қазақстаноблыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда,Түркістан, Жамбыл, кей жерлерде Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, ШығысҚазақстан, Қостанай, Атырау облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпісақталады.

Соңғы жаңалықтар