Кәсіпорынның мәліметінше, 5 шілде күні Қостанай және Орал қалаларында ауа ластануы ықтимал.
Ал еліміздің қалған қалаларында метеожағдай қолайлы болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.