«Атлант мұхитынан келген циклон республиканың көп бөлігінде өз ықпалын сақтап келеді. Осыған байланысты ауа-райы құбылмалы болады, қар жауады, кей жерлерде қалың қар түседі. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын соғады, жел күшейеді, оңтүстік-шығыста қатты жел тұрып, екпіні 30 м/с жетеді, тіпті одан да асып кетуі ықтимал», делінген хабарламада.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с, оңтүстік-батыста 30 м/с және одан да күшейеді. Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20, екпіні 25 м/с жетуі мүмкін.
Павлодар, Қарағанды облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола облысының кей жерінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысының кей жерінде тұман, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 18 м/с күшейеді.
Ақтөбе облысының түнде кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі, жел 17 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі.
Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.