Жексенбіде Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 7 қаңтарда жексенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек республиканың батыс, солтүстік-батысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты қар жауады. Кей жерлерде көктайғақ, тұман, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз Батыс Қазақстан облысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Алматы облысының жекелеген ауданында жел 15-20 м/с күшейіп, екпіні 23-28 м/с болады, түнде кей жерлерінде тұман бақыланады.