Елде 9 миллион дауыс беруші тізімге алынған. Алдын ала сауалнама бойынша Марселу Ребелу ди Соза көш бастап тұр, оған ел тұрғындарының жартысынан астамы дауыс беруі мүмкін.
Сайлауда жеңіске жеткен адам 1974 жылғы төңкерістен кейінгі мемлекет басына келген жетінші президент болады. Сол жылы Салазар диктатурасы жойылып, португалия колониальдық империясының тарады.
Португалия президенті бес жылда бір рет жалпыхалықтық сайлауда сайланады, ол Еуропа елдерінің басшыларына қарағанда кең ауқымды құзыретке ие.
Сайлау учаскелері таңертең сағат 8-де ашылады, кешке 1сағат 9.00-де жабылады. Дауыс беру біткен соң бір сағаттан кейін орталық сайлау комиссиясы алғашқы ресми деректерді таратады.
Егер жаңа мемлекет басшысы бірінші турда жеңіске жетсе, наурыз айының соңында қызметіне кіріседі. Егер бірінші турда үміткердің бірі 50 пайыздық межені аса алмаса, ең көп дауыс жинаған екі үміткер 14 ақпанда екінші турға қатысады.