Оған сәйкес, бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігі циклон мен атмосфералық фронттардың ықпалында болады.
Салдарынан жаңбыр, солтүстік өңірлерде қатты жаңбыр жауады, күндіз бұршақ, найзағай жарқылдайды, жел екпіні 23-28 м/с жетеді.
Республиканың оңтүстігінде шаңды дауыл соғады.
Тек елдің батысында антициклон әсерінен жауын-шашын жаумайды.
Қызылорда, Түркістан, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Абай облысының оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғарғы өрт қаупі сақталады.
Түнде Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарының солтүстігінде топырақ бетінде 1-2 градус үсік жүреді.