Жексенбіге арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» жексенбі-дүйсенбі күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынады.

«Шілденің соңғы демалыс күндерінде, еліміздің солтүстігі және орталық облыстарында жауын тоқтамайды, температура 13... 25º градустан көтерілмейді.

Алдағы үш күнде Қазақстанның шығысында, дүйсенбіде оңтүстік және оңтүстік-шығысында, қысқа мерзімді нөсерлі-жаңбыр мен 15-25 м/с жел күтілуде. Шығыста температура 25... 33 -тен 20... 28º-ге дейін, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 30... 38-ден 25... 35º -ке дейін төмендейді. Батыста көбіне күн ашық, жауын-шашынсыз, күндізгі температура 28... 35º болады», - деп жазылған хабарламада.