Жел екпіні 23 м/с дейін жетеді: ТЖД астаналықтарға үндеу жасады
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК деректері бойынша 12 желтоқсанда Астанада оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады, түнде және таңертең желдің екпіні 23 м/с дейін жетеді деп күтілуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Ауа райының нашарлауына байланысты қатты жел кезінде жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін Астана ТЖД мынадай қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды:
— жел күшейген кезде ғимараттардан шығуды шектеу керек (мүмкіндігінше үй-жайларда болыңыз);
— балаларды бақылауға алу және оларды қараусыз қалдырмау;
— егер қатты жел кезінде көшеде болсаңыз, жерасты өткелдерінде немесе дүкендерде паналауды ұсынамыз;
— қатты желден үйлердің қабырғаларына жақын жерде жасырынбаңыз, өйткені шатырлардан шифер мен басқа да материалдар құлауы мүмкін;
— ешбір жағдайда қоғамдық көлік аялдамаларының, билбордтардың, құрылысы аяқталмаған ғимараттардың, ағаштардың астында жасырынуға тырыспаңыз;
— электр желісінің астында тұрып, үзілген электр сымдарына жақындау өте қауіпті;
— көлікті шіріген және ескі ағаштардың жанына қалдырмаңыз.
Сонымен қатар, құтқарушылар қатты аязда өзін қалай ұстау керектігі туралы ұсыныстар берді:
— үнемі қозғалу керек, бір жерде тұруға болмайды, әсіресе қарға немесе суық заттарға отырмау керек. Бұл ретте металл мен бетон тіптен қауіпті;
— аяз кезінде аш жүрмеңіз, тамақ ішуге уақыт бөліңіз. Ыстық сусындар құйылған термос алып жүріңіз;
— жаман әдеттер туралы ұмытыңыз, алкогольді ішпеңіз;
— табаны қалың аяқ киімді таңдаңыз;
— аяқ-қолдар мен дененің ашық жерлерін жабыңыз;
— қалың киім киіп жүріңіз.
Төтенше жағдай туындаған кезде «101» және «112» нөмірлеріне қоңырау шалыңыз.
Еске салсақ, бұған дейін Астанада шолу дөңгелегінде коммуналдық қызметкерлердің суреттері жарияланды.