Атлантикалық циклон Қазақстанның басым бөлігіне әсер етеді, осыған байланысты жаңбыр мен қар жауады.
Солтүстікте қарлы бұрқасын көтеріледі.
Республиканың басым бөлігінде көктайғақ болып, жел күшейеді, оңтүстікте - шаңды дауыл, батыста және оңтүстік-шығыста - тұман түседі.
Ақмола облысында бұрқасын мен көктайғақ болады, жел қарқыны - 15-20 м/с, солтүстікте, шығыста екпіні 23-28 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде бұрқасын, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында көктайғақ болады. Желдің күші - 23-28 м/с.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын, көктайғақ болады. Жел жылдамдығы 23-28 м/с жетеді.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Жел екпіні 23-28 м/с жетеді.
Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, таулы аудандарда жел қарқыны 23-28 м/с дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының күндіз солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі, солтүстігінде, батысында жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.
Ақтөбе облысында солтүстікте тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады. Күндіз облыстың солтүстігінде жел екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді.
Қостанай облысының солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ болады. Жел қарқыны - 25 м/с.
Алматы облысында Алакөл көлдерінің ауданында желдің екпіні 23-28 м/с жетеді.
Түркістан облысында солтүстікте шаңды дауыл, солтүстікте және таулы аудандарда жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман түседі, күндіз солтүстік-шығысында жел қарқыны15-20 м/с жетеді.
Қызылорда облысының солтүстігінде түнде көктайғақ болады, жел екпіні - 15-20 м/с.
Атырау облысында жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.