Желі қолданушылары қазақстандық футболшы соққан голға тәнті болды

Еуропа-2024 чемпионатының инстаграмдағы ресми аккаунты Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыберген соққан голға тәнті болды. Kazinform бұл туралы Sports.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Sports.k

14 миллион адам жазылған әлеуметтік желідегі парақшада биыл наурызда Еуро-2024 іріктеуінде Асхат Тағыбергеннің Дания құрамасы қақпасына соққан голы жарияланды. Сол кезде қазақстандық команда 3:2 есебімен жеңіске жетіп, кездесу барысы бойынша 0:2 боп жеңіліп жатты.

Видеоны сипаттауға таңғалып тұрған эмодзи қосқан.

Қазақстан құрамасы капитанының осы голы өткен жылдың үздік голына берілетін Пушкаш сыйлығынан үмітті он голдың қатарында болғанын еске сала кетейік.