«Антициклон біртіндеп әлсіреп Алтайға қарай ығысуда. Оның орнына Қазақстанның оңтүстік облыстарына Каспий теңізінің оңтүстігінен, ал солтүстік жартысына Ресейдің еуропалық бөлігінің солтүстік аймағынан циклон жылжып келеді. Оның әсерінен қар жауып, тұман түседі, көктайғақ, ал солтүстік өңірлерде батыс желі мен бұрқасын болуы ықтимал», - делінген хабарламада.
Күндізгі ауа температурасы 0°С-қа, оңтүстікте плюс 5-12°С күтіледі.
Тек республиканың шығысында антициклонның ықпалынан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.