Жел, жаңбыр, найзағай: 26 сәуірге арналған ауа райы болжамы

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 26 сәуірде Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан аумағының батыс бөлігі антициклонның ықпалында болады. Осыған байланысты жауын-шашын жаумайды.

Республиканың солтүстік бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды.

Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі, жел күшейіп, солтүстік-батыста қатты дауыл соғады.

Ақмола, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде күндіз жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан, күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды.

Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болады, күндіз Ақтөбе облысында жел қарқыны 15-20 м/с жетеді.

Атырау облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел жылдамдығы - 15-20 м/с.

Алматы облысының Алакөл аумағында 15-20 м/с жылдамдықпен күшті жел соғады.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, қатты дауыл тұрады. Жел екпіні - 15-20 м/с.

Кұндіз Солтүстік Қазақстан облысында жел қарқыны 23-28 м/с жетеді.