Желаяқ М.Масленко Олимпиадада алдын ала сайыста додадан шығып қалды
17:25, 03 Тамыз 2012
АСТАНА. 3 тамыз. ҚазАқпарат - 3 тамызда қостанайлық желаяқ Марина Масленко Лондон Олимпиадасында 400 метр қашықтыққа жүгіруден алдын ала сайыста додадан шығып қалды.
Жүгіру кезінде Марина 53.66 секундта мәре сызығын кесіп, өз тобында 6-көрсеткіш көрсетті. Келесі жартылай финалға барлығы 21 спортшы өтті. Маринаның тобынан 3 жеңіл атлет жолдама алды.