Еріктілердің ұйытқы болуымен өткен шараға «Нұрсәт» шағынауданындағы тұрғындар да өз үлесін қосып, қолдау білдірді. Аталған шара арқылы қала тұрғындары рәміздерге деген шексіз құрметін көрсетті.
Сондай-ақ, қалада ұйымдастырылған «Желбіре, менің жалауым!» атты патриоттық акция аясында Абай ауданындағы «Абай» саябағында, әл-Фараби ауданындағы «Арбат» демалыс аймағында, «Дендросаябақ» пен Қаратау ауданына қарасты Сайрам тұрғын алабында, Еңбекші ауданындағы «Север» сауда орталығында түрлі іс-шаралар өтті.
Ал, «Рухани жаңғыру» бөлімі Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Мемлекеттік рәміздер күніне орай әлеуметтік желілерде «Желбіре, көк байрақ!», «Әнұраным-айбыным!» челленджін өткізуде.
Онда әрбір қатысушы көк тудың суретін салып, әнұранды орындауда. Қатысушылар эстафетаны #kokbairaq хештегімен ары қарай жолдап, жалғастыруы тиіс. Жыл соңында эстафета қорытындыланады.