Абай облысының солтүстігі мен шығысында түнде қар жауып, боран соғып, көктайғақ болады. Шығыс пен оңтүстікте түнде және таңертең тұман түседі. Облыстың солтүстігі мен батысында оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге жетеді.
Ақмола облысында қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні түнде 15–20 м/с, облыстың шығысында кей уақытта 23 м/с-қа дейін жетеді. Күндіз оңтүстік пен шығыста желдің жылдамдығы 15–20 м/с болады. Көкшетауда түнде қар жауып, жаяу бұрқасын соғады.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аймақтарында кей уақытта тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні оңтүстік пен таулы аудандарда 15–20 м/с-қа жетеді. Алматы мен Қонаев қалаларында түнде және таңертең тұман болады. Іле Алатауының таулы аймақтарында да кей уақытта тұман түсіп, жел екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Астанада қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні түнде 15–20 м/с болады.
Атырау облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында қар жауып, боран соғып, көктайғақ болады. Шығыс пен оңтүстікте түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы солтүстік пен шығыста 15–20 м/с-қа жетеді.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі. Таулы аймақтарда көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні таулы аудандарда 15–20 м/с-қа жетеді. Таразда түнде және таңертең тұман болады.
Жетісу облысының шығысы мен таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с, кей уақытта 25 м/с-қа дейін күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде аздаған қар жауып, көктайғақ болады. Батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Оралда түнде аздаған қар жауып, көктайғақ болып, тұман түседі.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және шығысында қар жауып, боран соғып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Қарағандыда қар жауып, жаяу бұрқасын мен көктайғақ болады. Түнде жел екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Қостанай облысының шығысы мен оңтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с болады. Батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.
Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде және орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Қызылорда қаласында да кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында жаңбыр мен қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні батыста 15–20 м/с-қа жетеді. Ақтауда түнде кей уақытта тұман болады.
Павлодар облысында қар жауып, боран соғып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында және орталығында 15–20 м/с-қа жетеді. Павлодарда қар жауып, боран соғып, көктайғақ болады. Жел екпіні 15–20 м/с болады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Күндіз оңтүстік пен шығыста да қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Батысы мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде 15–20 м/с-қа жетеді. Петропавлда түнде қар жауып, жаяу бұрқасын соғып, жел екпіні 15–20 м/с болады.
Түркістан облысының солтүстігі мен таулы аудандарында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, сондай-ақ таулы және тау бөктеріндегі аудандарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні таулы аймақтарда 15–20 м/с-қа жетеді. Шымкент пен Түркістан қалаларында түнде және таңертең тұман болады.
Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында және орталығында түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Жезқазғанда да түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады.
Еске сала кетейік, 30 қарашада Қазақстанның шығысында қалың қар, ал оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтілетінін жаздық.
Ауа температурасы біртіндеп төмендейді. 30 қарашаға қарай түнде еліміздің батысында -5–12°С, солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында -10–18°С, шығысында -7–12°С, ал таулы аудандарда -15–20°С-қа дейін төмендейді.