деп хабарлады Железин ауданының әкімдігінен.
Алаң иелері қонақтарды - Новосібірдің Купин ауданының оқушылары мен көрші Железин мектебіндегі құрбыларын ыстық ықыласпен қарсы алды. Қазақстандық және ресейлік балалардың командалары Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына арнап әндер конкурсын, сапта жүру байқауын өткізді, спорттық жарыстарда күш сынасты.
«Жас ұлан» екі ел балаларын достастырып, өзара ынтымақтастықты әрі қарай жалғастырудың кепілі болып отыр.