Желі қолданушыларын ас тұзымен салған суреттер таң қалдырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Норвегиялық суретші Дино Томиктің (Dino Tomic) ас тұзының көмегімен салған суреттері Желі қолданушыларын таң қалдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол өз туындыларын Instagram парақшасына жариялаған.
 

Өз кәсібін тату суретшісі ретінде бастаған Дино Томик қазіргі таңда үлкен компаниялардың тапсырысымен әртүрлі туындылар жасап шығаруда.
 

Солардың бірі - Ubisoft компаниясының 10 жылдық мерейтойына арнайы тапсырыспен жасаған картинасы желі қолданушыларының  қызығушылығын тудырды. 
 

«Картинамның көлемі 8X8 метрді құрайды. Туындыны қара кілемнің үстіне ірі ас тұзын қолдана отырып салдым. Ол үшін толықтай 2 апта уақыт жұмсадым. Барлық жұмысты өзімнің туған қалам - Нотодденде жасадым», - деп жазды суретші өзінің Instagram парақшасында.

 

Сондай-ақ, оның жұмыстарының арасында ақ түсті пластиктің үстіне жарылғыш заттектерді төсеп, кейін оны жағып жіберу арқылы салған суреттері де бар.