Желіде алғаш рет Ким Чен Ынның жеке ұшағының ішкі көрінісінің фотосуреті көрсетілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Желіде алғаш рет КХДР басшысы Ким Чен Ынның жеке ұшағының ішкі көрінісінің фотосуреті көрсетілді, деп хабарлады The Daily Telegraph. Фотосуреттер Солтүстіккореялық ақпарат агенттігінің (ЦТАК) сайтында жарияланды. Олар басхатшының Пхеньян үстінде авиалайнерде ұшуларының бірінде түсірілген, деп хабарлады lenta.ru.

Суреттерде Ким Чен Ын ұшақ бортында қызыл ағаштан жасалған үстелдің қасында отырғаны түсірілген. Корея Еңбек партиясы ОК бірінші хатшысы иллюминаторға қарап отыр және бағыныштыларының бірімен әңгімелесуде. The Daily Telegraph мәтінінде борттың әсем безендірілгені айтылған, CNN де осындай баға берген.

Репортерлер түсірген суретте басхатшының құс самғайтын биіктен КХДР үшін маңызды имидждік жоба болмақшы жаңа ғылыми орталық құрылысын шолуына мүмкіндік береді. Ким Чен Ынның пікірінше, кешен құрылысы аяқталғанда Пхеньян «бүкіл әлемнің қызғанышын тудырып» түрленеді.

Ким Чен Ын - солтүстіккореялық саяси, мемлекеттік, әскери және партия қайраткері, ол 2011 жылдан жетекші мемлекеттік және партиялық қызметтер атқарып келеді. КХДР-дың негізін қалаушы Ким Ир Сеннің немересі және қазіргі әлемдегі ең жас мемлекет басшысы (әртүрлі деректерге қарағанда, ол 31 мен 33 жастың арасында).