Қою түтін видеосы желіде тарады.
«Казгидромет» РМК қаланың атмсофералық ауасы сапасы туралы мәліметтерімен бөлісті.
«2020 жылдың 29 желтоқсанынан 2021 жылдың 4 қаңтарына дейін қалада ауаның ластану көрсеткіштерінің шекті нормасы 1246 рет асқан. Әсіресе Бостандық ауданында, оның ішінде Орбита шағын ауданында (Тұңғыш президент паркі жанында) ауа өте лас», - деді баспасөз қызметінен.
Ресми мәліметтерге сәйкес, бұл орта тәуліктік ластану көрсеткіші. Ауа сапасын бақылау Алматыда 16 пост арқылы жүзеге асырылады. Оның ішінде 11 автоматтандырылған пост бар. Қалған 5 поста сынама қолмен алынады.
Ауа көбінесе РМ-2,5; РМ-10; диоксид және азот оксидімен ластанған.