Желіде Денис Теннің жаңа әні жарияланды
«Денис Тенді талантты музыкант ретінде мәңгі есте сақтайық. Ол жуырда өзінің жеке шағын альбомын шығаруды жоспарлап жүрген еді. Назарларыңызға Денистің «She won't be mine» атты әнінің ресми нұсқасын ұсынамыз. Туындыны біздің OfficialGakku телеграм-каналымыздан тыңдап әрі жүктеуге болады», - деп жазды музыкалық телеарна Инстаграм желісінде.
Спортшының өзі маусым айының соңында жаңа ән дайындап жатқанын хабарлаған еді.
She Won’t Be Mine. История создания. Скоро в сети. — Video: @hanzatkenes Studio: @erlanbekchurin #DTNmusic
Публикация от Denis Ten (@tenis_den) 20 Июн 2018 в 7:55 PDT
Еске салсақ, Денис Тен балалық шағында музыка, сондай-ақ басқа да спорт түрлерімен айналысып, түптеп келгенде, мәнерлеп сырғанауды таңдаған. Бұған дейін де Денис Тен жанкүйерлеріне бірнеше ән орындап берген еді.