АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдағы «Singer- 2017» ән байқауына қатысып жатқан қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өзінің Weibo (Twіtter-дің қытайлық баламасы) әлеуметтік жеке парақшасына Джеки Чанға «Әлқисса» күйін шертіп берген сәті түсірілген видеоны жариялады.
Видеодан Джеки Чанның күйді зор ынта-ықыласпен тыңдап, «Өте керемет!», - деп баға бергенін байқауға болады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Димаштың Бейжіңде танымал кино актері Джеки Чанмен кездесіп, оған қазақи шапан кигізіп, домбыра сыйға тартқаны туралы хабарлаған болатынбыз.
Мұхтар Қалимоллаұлы
Еуразия Ұлттық Университеті түлегі. 2016 жылдан бастап Kazinform агенттігінде жұмыс істеймін.