Осыған дейін Ресейдің Примор өлкесіндегі сафари-саябақта Амур атты жолбарыс пен Тимур атты ешкінің достығы жұртты таңқалдырған еді. Бастапқыда ешкі жыртқыштың торына азық ретінде түскен болатын. Бірақ Тимурдың батыл әрекеттерінен жолбарыс сескеніп, оған тіпті жататын орнын да босатты. Сол кезден бері жануарлар бірге жүреді.