Еске сала кетейік, кездесу 10 қыркүйекте Лондонда O2 аренасында өтеді. Бұған дейін хабарланғандай, жекпе-жекке билеттер рекордты 12 минут ішінде сатылып кеткен (аренаға 20 мың адам сыяды).
Жуырда, спортшылар баспасөз мәслихатын өткізді. Онда Геннадий Головкин шаршы алаңға шығуын асыға күтіп жүргенін айтты.
«Ол мықты боксшы, өз дивизионының үздігі - мен үшін бұл үлкен және аты шулы жекпе-жек», - деді қазақстандық боксшы.
10:43, 17 Шілде 2016
Желіде Головкин-Брук жекпе-жегінің промо-ролигі пайда болды (ВИДЕО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Желіде WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен жартылай орта салмақтағы IBF белдігінің иегері Келл Брук жекпе-жегіне арналған промо-ролик пайда болды.