Желіде Илья Ильинді қолдау әні танымал болып жатыр (ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде аты атақты ауыр атлет, Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Илья Ильинді белсенді қолдап жатыр.

Юмористік бейнеролик Инстаграмдағы «100lichnosti» аккаунтында жарияланған.

«Олимпиада ойындарында ауыр атлетикадан екі дүркін чемпион, әлем чемпионы, рекордшы Илья Ильинді қолдауға арналған ролик. Чемпион, бүкіл ел сенімен бірге!», - делінген роликтің түсініктемесінде.