«Өз өмірінде талай емтиханды сәтті тапсырған Қазақстан Президенті түлектерге сәттілік тіледі». Facebook парақшасына мемлекет басшысының ескі суреттерін жүктеген Берік Уәли осылай деп жазды.
Еске сала кетейік, бүгін ҰБТ-ның бірінші легі басталды. Кезекті тестілеу республика бойынша 1188 аудиторияда өтеді. Оған қатысуға 117 242 талапкер өтініш берген.
Президент бұған дейін жауапты мемлекеттік органдарға ҰБТ-ны заңға сәйкес өткізуді тапсырған болатын.