Өзбекстан ТЖМ деректеріне қарағанда, 14 маусымда жергілікті уақытпен 20.32-ден 20.38 аралығында соққан шаңды дауылдың жылдамдығы секундына 23 метрге жеткен.
Пайдаланушылар қаладағы ғимараттардың шатырларын ұшырып әкеткен табиғи апаттың фотолары мен видеоларын әлеуметтің желіге жүктеуді жалғастыруда.
«Жедел жасақ бүгін де дауыл салдарын жою жұмыстарын жалғастырып жатыр. Олар көшелерді үй жабындыларынан, құлаған ағаштардан, зақымдалған машиналардан тазартуда. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ»,- деп мәлім етті ТЖМ өкілі.