«Биылғы жылдың 29 мамыры күні сағат 13:25-те Алматы облысының Төтенше жағдайлар министрлігіне Алматы облысы Ұйғыр ауданында Шарын шатқалының етегінде батпақты-сел жүргені туралы хабар түсті. Оқиғаның салдарынан 6 адам зардап шегіп, 2 адам қаза тапты. Қаза тапқандардың бірі кәмелетке толмаған. 1 адам із-түзсіз жоғалды. Зардап шеккендерге жедел медициналық жәрдем көрсетілді. Жоғалған адамды іздеу жұмыстары жүріп жатыр»,-деп толықтырды ҚР Төтенше жағдай министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.
23:38, 29 Мамыр 2021
Желіде Шарын шатқалындағы селдің видеосы пайда болды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Әлеуметтік желілерде Шарын шатқалындағы селдің видеосы пайда болды. Куәгерлер түсірген видеоны өзінің YouTube каналына ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.