Желіде Түркияда апатқа ұшыраған кеменің видеосы пайда болды

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияда Анталия қаласына таяу жерде туристік Kurt-C судносы суға батып кетті.

 Жергілікті БАҚ-тардың соңғы мәліметтерінше, 84 адам құтқарылған, 33-і жарақаттанған, олар ауруханаға жеткізілді, екеуі із-түзсіз жоғалған. РФ елшілігінің хабарлауынша, зардап шеккендер арасында бір ресейлік бар, оның жағдайы қалыпты.

Ауа райының қолайсыздығана байланысты капитан саяхатты тоқтатып портқа қарай бағыт алған. Жағалауға небәрі екі мильдей қалғанда катер бір жағына ауып, суға бата бастаған. Экипаж жолаушыларға құтқару құралдарын таратып үлгерді. Жағалау күзетіне болған жағдай  хабарланып, шұғыл құтқару шаралары қолға алынды. 

 

Соңғы жаңалықтар