Видео ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдің масканы міндетті түрде тағу және әлеуметтік қашықтықты сақтау үндеуінен басталады. Одан кейін роликте медициналық қызметкерлердің коронавируспен тікелей күрес жүргізіп жатқан емханадағы кадрларды көруге болады.
Бұдан басқа, роликте жағдайды тұрақтандыруға үлесін қосып отырған еріктілер, полицейлер, санитарлардың жұмысы да көрсетілген.
Әнді орындаған - Петр Погодаев, мәтінін жазған – Дәуіт Шайхисламов, Мәлік Хасенов, Алексей Маклай және Санат Шапашов.
Осылайша, роликтің авторлары тұрғындарды өздеріне, жақындарына күтім жасап, маска тағуға, қашықтықты ұстануға және абай болуға шақырды.
Авторы: Арайлым Мұрат