Бразилияда саяхаттап жүрген фотограф Крис Бранскилл ягуар мен қайман арасында болған жаналып-жанберісер айқастың суреттерін түсіріп, өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Жыртқыштар айқасы шамамен 20 минутқа созылған.
Жанберісер айқаста қолтырауын қаншама қарсылық көрсеткенмен нәтижесіз аяқталып, соңында ягуардың жемі болып тынады.