«Шын мәнінде, бұл видео 2009 жылы Қырғызстандағы президенттік сайлау кезінде түсірілген. Оны желіден тауып, көруге болады. Қолданушылардың жазуынша, заң бұзушылық Бақай ата ауданындағы №6071 учаскеде жасалған», - делінген ақпаратты тексерушілер каналында.
16:39, 05 Маусым 2022
Желіде жәшікке бюллетень салудың ескі видеосы тарап жатқаны анықталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Telegram арналарында бюллетеньдерді дауыс беруге арналған жәшікке салу барысы көрсетілген бейнеролик тарады. Бұған қоса, бейнежазбаның бүгін республикалық референдум барысында түсірілгені айтылды. Бұл – жалған ақпарат, деп хабарлайды ҚазАқпарат stopfake.kz телеграм каналына сілтем жасап.