Желіде жүрген түркістандық жүк көліктерінің бір-бірін қағып өтіп, көмір кезегінде тұрған видеосы өткен жылдың қазан айында түсірілген. Бұл туралы аталмыш ведомство өкілдері айтты.
«Көмір тапшылығы жоқ, Түркістандағы көмір тұрмыстық-коммуналдық қажеттіліктерге арналған көмір қалдығы 1400 тоннаны құрайды. Бұл жергілікті тұрғындардың жылуға қолданып отырған көмірі»,-деді ведомство өкілдері.
«Көмір қоры облыстың басқа қалалары мен аудандарында да жеткілікті. Өңірге 261 вагон көмір келе жатыр. 40 вагоны келіп қойды, оның 21 вагоны тұрмыстық-коммуналдық , 19 вагоны энергетикалық қажеттіліктерге жұмсалады»,-деді басқарма мамандары.