Желіге 40 мың ІІХК қызметкері туралы құжат қойылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Архив құжаттарына қызыққандардың көп болғаны сонша, сервер шамадан тыс жүктемені көтере алмай қалған, сол себепті сайт жұмысын тоқтатқан, деп жазады Lenta.

Әңгіме «Мемориал» құқық қорғаушы ұйымының сайты жайлы болып отыр. Онда «Зұлмат жылдардағы» (1935-1939) 40 мыңнан астам ІІХК (НКВД) қызметкері туралы құжат қойылған. Осы құжаттармен танысу үшін сайтқа (nkvd.memo.ru) кірем деушілер шамадан тыс көп болуы себепті, ол жұмысын тоқтатқан. Сайтқа кіруге әрекеттенген адам «сайт жүктеменің көп болуы себепті жұмыс істемей тұр» деген хабарламаны алады. Ол әлі де жұмыс істемей тұр.