Желілерде Путиннің сайлауалды ролигі пайда болды

АСТАНА. 2 тамыз. ҚазАқпарат - «Единая Россия» партиясы Интернет желілеріне Владимир Путиннің қатысуымен сайлауалды бейнеге ұқсайтын бейнеролик орналастырды,

деп жазады «РБК daily».

Екі минуттан сәл асатын кадрда Путиннің денсаулық сақтау, спорт және өзге де салаларды дамытудың маңыздылығы туралы сөзі көрініс тапқан. Сонымен бірге кадрда «Нақты іс - біздің күшіміз»-ден бастап «Біз жаңа Ресейді құрамыз»-ға дейін алма-кезек ұрандар ауысып тұрады.

Кадрдағы роликте «Нақты іс - біздің күшіміз», «Біздің жұмысымыздың негізі - халыққа көңіл бөлу», «Спорттағы жеңіс - өмірдегі жеңіс», «Біз атаққұмарлық пен бос уәдеден бас тартамыз», «Жеңіске бірге жетеміз», «Біз жаңа Ресейді құрамыз» сынды ұрандар баяндалады.

Роликте Путин насихаттаушы ретінде көрінбесе де, ондағы ұрандар сайлауалды науқанының басты бағыттары болуы мүмкін.