ЕАЭО шеңберінде білім және ғылым саласында тығыз байланыстарды қамтамасыз етіп, ұлттық қаржы жүйелерінің тиімділігін арттыру мақсатын тұтқан құрылымды құру идеясын бес елдің өкілдері қолдады - Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Ресей. Білім беру қызметімен қатар, қосымша білім беру және біліктілікті арттыру бағдарламаларына баса назар аударылатын болады.
«Қаржы нарықтарында кәсіби стандарттарды әзірлеу және оларды өзекті ету, сондай-ақ қаржы нарығы мамандарына қойылатын біліктілік талаптарын үйлесімді ету бойынша тығыз ынтымақтастықта болу жоспарлануда. Сондай-ақ Еуропалық одақ елдерінің еңбек нарықтары үшін біліктілік талаптарын әзірлеуге және білім беру мен біліктілік деңгейін мойындау тетіктеріне көп көңіл бөлінетін болады», - деп хабарлады Коржова «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне.