Желіні шулатқан видео: Алакөлдегі суды зерттеу мақсатында арнайы комиссия құрылды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мамандар Алакөлден алынған суды зертханалық зерттеуден өткізіп жатыр. Бұл туралы Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алакөлге құбыр арқылы ағызылған жерден сынама алынып, зертханалық зерттеужасалуда. Жақында осы жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Экология,геология жəне табиғи ресурстар министрлігі, Алматы облысы əкімдігі жəне құқыққорғау органдары мамандарынан тұратын арнайы комиссия құрылды», - деп жазады facebook парақшасында Самал Ыбыраева.

Комиссия мүшелері оқиға болған жерге келіп, судың көл жағасында орналасқан«Көктем гранд резорт» ЖШС балалар мен ересектер бассейнінен ағызылғанынанықтаған.

«Бүгінгі күні қонақүй су ағызуды тоқтатты. Ол жерде комиссия жұмыс істеуде.Су сынамасына зертханалық зерттеу (бактериологиялық, вирусологиялық жəнепаразитологиялық талдау) жасалуда. Таяуда нəтижесі шығарылады», - дейді ол.

Министрліктің баспасөз хатшысы тергеп-тексерудің соңында көлге су ағызғанЖШС-ға қатысты шара қабылданатынын мәлім етті.

Еске сала кетсек, Алматы облысындағы Алакөл көліне құбыр арқылы лай сутөгіліп жатқаны бұған дейін хабарланған болатын. Әлеуметтік желіге тарағанвидео халықтың наразалығын тудырған.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев бұлжағдайға кінәлілер жазаланатынын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар