Комитеттің хабарлауынша, 2018 жылдың 14 желтоқсанынан бастап, қазақстандық SCAT әуе компаниясы Астанадан Душанбеге жаңа рейс ашуды жоспарлап отыр.
«Жаңа рейске екі елдің авиациялық билік органдарының, SCAT сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияларының және екіжақты келіссөздер аясында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қол жеткізілді. Жаңа рейстің ашылуы Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы тату көршілік қатынастарды дамытуға елеулі үлес қосатын болады», - делінген хабарламада.
Астана - Душанбе - Астана бағыты бойынша CRJ-200 типті ұшағы аптасына екі рет, жұма және жексенбі күндері қатынайды.
Бұл бағыттағы әуе билеттерінің сатылымы басталды. Билеттерді әуе компаниясының сайтынан немесе әуе билеттерін сату агенттіктерінен алуға болады.
12:33, 12 Қараша 2018
Желтоқсан айында Астана - Душанбе жаңа әуе бағыты ашылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Тәжікстан астаналары арасына жаңа әуе бағыты ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.