Желтоқсан айында өнеркәсіп кәсіпорындарының іскерлік белсенділігі төмендегені байқалды

АСТАНА. 12 қаңтар. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2011 жылы желтоқсандағы зерттелген өнеркәсіп кәсіпорындарының іскерлік белсенділігі өткен аймен салыстырғанда төмендеді.

 Атап айтқанда,  кәсіпкерліктің сенімділік индексі 5 пайыздық тармаққа кеміп, ( 5) пайызды құрады. Бұл туралы Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Агенттін мәліметіне қарағанда, зерттелген өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары дайын өнiм қорларының кемігендігін және өндіріс көлемінің азайғанын атап өткен. Бұл олардың іскерлік белсенділігінің нашарлауын айғақтайды. Жақын арадағы келешекте, 2012 жылғы наурызға дейiн, кәсіпорын басшылары көпшілігінің бағалауы бойынша, iскерлiк белсенділігінің өсуі күтіледі.

Бұдан бөлек, 2011 жылғы желтоқсанда өткен аймен салыстырғанда сауда кәсіпорындарының іскерлік белсенділігі 2 пайыздық тармаққа азайды. Кәсіпкерлік сенімділік индексі  ( 4) пайызды құрады.

Ал тағы бір зерттеулер бойынша 2012 жылғы наурызға дейін ағымдағы уақытпен салыстырғанда, кәсіпорындар өзінің қаржылық-шаруашылық қызметіне қатысты (66) пайыз өзгеріссіз қалатынын, (17) пайыз жақсаруын және (14) пайыз кәсіпорын өзінің қаржылық-шаруашылық қызметінің нашарлайтындығын күтеді.