Жедел деректерге сәйкес, ірi және орта кәсiпорындарға және ұйымдарға 2012 жылғы желтоқсанда 53,1 мың адам қабылданды, түрлі себептермен - 68,7 мың адам жұмыстан кетті. Жұмыстан кеткен қызметкерлердiң арасында өз еркі бойынша жұмыстан босатылғандар 80,6, қызметкерлер санының қысқаруына байланысты - 1,9, басқа себептер бойынша - 17,5 пайызды құрайды.
13:07, 12 Қаңтар 2013
Желтоқсанда 53,1 мың адам жұмысқа қабылданды
АСТАНА. 12 қаңтар. ҚазАқпарат - Өткен жылдың желтоқсан айында 53,1 мың адам жұмысқа қабылданды, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен.