Мекеме мәліметінше, желтоқсанда Ақмола облысында ауаның орташа айлық температурасы -9,8-12,2°С болады. Бұл нормадан 1-2 градусқа (норма: -11,8-14,0°С) жоғары.
Бірінші онкүндікте ауа температурасының түнде -27-32°С-тан, облыстың оңтүстігінде -22°С-тан -5-10°С-қа, облыстың солтүстігінде -15°С-қа дейін, күндіз -17-22°С-тан, облыстың оңтүстігінде -12°С-тан 0,-5°С-қа дейін біртіндеп жоғарылауы күтіледі.
Екінші онкүндікте ауа температурасы түнде -5-10°С-тан, облыстың солтүстігінде -15°С-тан -13-18°С-қа, облыстың оңтүстігінде -8°С-қа дейін, күндіз 0,-5°С-тан -5-10°С-қа дейін ауытқуы ықтимал.
Үшінші онкүндіктің басында ауа температурасы түнде -20-25°С-қа, облыстың оңтүстігінде -17°С-қа дейін, күндіз -13-18°С-қа дейін төмендеуі болжанады. Содан кейін ауа температурасы түнде -5-10°С-қа дейін, күндіз 0,-5°С-қа дейін жоғарылауы күтіледі. Онкүндіктің соңында ауа температурасының түнде -15-20°С-қа дейін, облыстың солтүстігінде -25°С-қа дейін, күндіз -7-12°С дейін төмендеуі мүмкін.
Жауын-шашынның айлық мөлшері норма шамасында күтіледі (норма: 14-30 мм). Қар, бұрқасын, көктайғақ, екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел бір ай бойы жиі болуы ықтимал. Екінші онкүндіктің соңында тұман түсуі мүмкін.