Желтоқсанда Баку-Ақтау бағытымен 566 жүк көлігі тасымалданды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылдың желтоқсан айында «Әзербайжан Каспий теңізі кеме шаруашылығы» мекемесінің кемелері Баку-Ақтау бағытымен 566 жүк көлігін тасымалдаған, деп хабарлады Trend.

Жыл басынан бері аталған бағытпен 255 жүк көлігі, ал 2015 жылдың қаңтар-қараша айларында Баку-Ақтау бағыты бойынша орташа алғанда ай сайын 60 жүк көлігі тасымалданды. Бұл осыған сәйкес бұған дейінгі көрсеткіштен 10 есе көп.

Аталған мекеме Алят кемежайындағы кезекті азайту үшін жүйелі жұмыс жүргізуде. Қыс айларында ауа райының нашарлауына қарамастан, қосымша рейстер ұйымдастырылып, резервтегі кемелер бағдарға шығарылған.

Желтоқсанның ортасынан резервтегі үш кеме - «Академик Топчубашев», «Карабах» және «Профессор Гюль» жүк көліктерін тасымалдауға жұмылдырылған. Таяу күндері тағы бір кеме - «Меркурий 1» тиісті техникалық жұмыстар өткізілгеннен кейін пайдалануға берілмек.

Қазіргі уақытта Баку-Ақтау және Баку-Түрікменбашы бағытында 11 паром мен екі ірі көлік таситын Ro-Ro кемесі жұмыс істеуде.