Бұл туралы astana.kz сайтына Статистика департаментінен хабарлады.
«Халықтың орташа жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төмен деңгейінің шамасы 2013 жылғы желтоқсанда, негізгі азық-түліктерді тұтынудың ең төмен мөлшерінен алып есептегенде, өткен аймен салыстырғанда 1,6% артып, 2012 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 0,3% төмендеді»,- делінген хабарламада.
Айта кетейік, оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығындар үлесі 24,2%, сүт, май өнімдері мен жұмыртқа 16,5%, жемістер мен көкөністер 9,5%, нан мен жарма өнімдері 8%, қант, шай мен қоспалар 1,8% құрады.