Желтоқсанда қазақстандықтар қосымша 3 күн демалады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Желтоқсан айында елімізде екі мереке қатар атап өтіледі. Оның бірі 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні болса болса, екіншісі 16-17 желтоқсанда атап өтілетін Тәуелсіздік күні.

Осыған орай аптасына 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар алдағы айда 11 күн демалады.

Ал 2016 жылдың қаңтар айының 7-сінде елімізде Рождество мерекесі атап өтіледі. Қазақстанның Еңбек туралы кодексінде діни мейрамдар Құрбан айт пен Рождество ресми мереке болып бекітілмегенмен, сол күн демалыс деп көрсетілген.