00:02, 27 Қараша 2013
Желтоқсанда Қытай өзінің ғарыш аппаратын Айға жібермек
АСТАНА. 27 қараша. ҚазАқпарат - Желтоқсанның басында қытайлық «Көкшіл қоян» атты зерттеу аппараты зымырын-тасығыш арқылы Айға жеткізіледі. Бұл туралы Қытайдың мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады.
Аппаратқа берілген бұл атау интернет арқылы дауыс беру нәтижесінде таңдалды және ол қытайлық фольклорға негізделген көрінеді. Аталған қондырғы бұрышы 30 градус қиғаштықтағы төбешіктерге шыға алады, сондай-ақ оның жылдамдығы сағатына 200 метрге дейін жетіп отыр. Айды зерттеу бойынша қытайлық миссия үш кезеңді қамтыды. Онда Айдың орбитасына шығу, оның бетіне қону және қайтадан Жерге оралу міндеті қойылып отыр.