Бұл туралы бүгін Автокөлік жолдары комитетінің төрағасы Нұрланбек Өмірбаев журналистерге берген сұхбатында мәлім етті.
«Бүгінгі күні желтоқсан айына қарай жоспарланған ақылы автожол бойынша қажетті шаралар жүріп жатыр», - деп атап өтті комитет төрағасы. Оның айтуынша, жолдың ақысы әзірше әрбір жүріп өтілген жолдың шақырымына жеңіл көліктер үшін 1 теңгеден, ал жүк машиналары мен автобустар үшін 5-тен 15 теңгеге дейін белгіленуі мүмкін. Бұдан бөлек, жақын маңдағы өңірлер тұрғындары мен осы автомагистралды жиі пайдаланатындар үшін белгілі бір жеңілдіктер қарастырылған.