Бұл туралы Қазақстанның шайбалы хоккей федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Жарыстар желтоқсанның 5-іне дейін өтеді. Оған 5 команда қатысады: «Барыс» - Астана; «Торпедо» - Өскемен; Олимпиада резервтері балалар мен жасөспірімдер мектебі - Өскемен; «Юность» - Қарағанды; Спорттан дарынды балаларға арналған қалалық спорт мектеп-интернаты - Алматы.
Чемпионат Қазақстанның шайбалы хоккей федерациясының қолдауымен өткізілуде.