Желтоқсанның 12-сі күні Қазақстанның автожолдарында 13 адам мерт болып, 6 адам зардап шекті - ТЖМ

АСТАНА. Желтоқсанның 14-і. ҚазАқпарат - Өткен сенбі күні республиканың автожолдарында орын алған 5 жол-көлік оқиғасында 13 адам құрбан болып,

тағы 6 адам түрлі дене жарақаттарын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

 Ірі апат Алматы облысы «Үлкен Алматы арнасы» автожолының 37-ші шақырымында «Ауди» және «КамАЗ» жүк көлігінің қатысуымен болды. Оның салдарынан жеңіл автокөліктің 27 жастағы жүргізушісі мен оның барлық үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.

 Атырау облысында, «Күлсары-Атырау» автожолының 165-ші шақырымында 22 сағат 30 минутта «ВАЗ» және «Нива» автокөліктері соқтығысып қалды. Бірінші көліктің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы және «Нива» көлігінің тағы бір жолаушысы оқиға орнында жантәсілім етті. «Ниваның» жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

 Сондай-ақ осы күні Оңтүстік Қазақстан облысы Шолаққорған ауылының Жібек жолы көшесінде «Митцубиси» жеңіл көлігі мен «Тянь-Шань» жүк көлігінің соқтығысуынан жеңіл машинаға мінген 23 және 29 жастағы екі жолаушы оқиға орнында көз жұмса, оның 26 жастағы жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.