Жаңажылдық мерекелерге балалар үйлері мен интернаттардың тәрбиеленушілері, мүгедек балалар, тұрмысы төмен және көпбалалы отбасының балалары, сондай-ақ еліміздің үздік оқушылары қатысады.
10:27, 23 Желтоқсан 2009
Желтоқсанның 25-інде Астана, Алматы қалаларында және барлық облыс орталықтарында президенттік шыршалар өтеді
АСТАНА. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат - Желтоқсанның 25-інде бір мезгілде Астана, Алматы қалаларында және барлық облыс орталықтарында Елбасының атынан жаңажылдық шыршалар өтеді. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі таратқан ақпараттан мәлім болып отыр.